Токарь жұмыстары
- Ең үлкен өңделетін диаметрлер:
- тұғырдың үстінде — 1000 мм;
- суппорттың үстінде — 600 мм.
- Бұйымның ең үлкен ұзындығы — 5000 мм.
- Өңделетін бұйымның ең үлкен салмағы - 3 тонна.
- Өңделетін беттердің кедір-бұдырлығы - 1,25 мкм дейін.
Фрезерлік, көлденең-фрезерлік жұмыстар
- Үстелдің жұмыс бетінің ең үлкен өлшемдері — 1000 х 300 мм.
- Ең жоғары өңдеу биіктігі — 600 мм.
- Өңделетін бұйымның ең үлкен салмағы — 120 кг.
Көлденең-жону жұмыстары
- Үстелдің жұмыс бетінің ең үлкен өлшемдері — 1120 х 900 мм.
- Жонылатын ойықтың ең үлкен диаметрі:
- шпиндельмен 320 мм;
- суппортпен 600 мм.
- Өңделетін бұйымның ең үлкен салмағы - 3 тонна.
Тіс қию жұмыстары
- Ең үлкен өңделетін — 600 мм.
- Өңделетін бөлшектің ең үлкен биіктігі — 500 мм.
- Қиылатын тістің ең үлкен модулі — М10.
Термиялық өңдеу
- Күйдіру;
- Қалпына келтіру;
- Шынықтыру.
Термиялық учаскесінде бөлшектерінің максималды габариттері 800 мм х h 400 мм, жұмыс кеңістігінің габариттері: 1000 мм х 600 мм х 700 мм және 900 мм х 400 мм х 500 мм; мах Т 900˚С-қа дейін пештері бар.
Ұста-қалыптау жұмыстары
- δ 10мм дейін, өлшемдері 400х400х10мм бөлшектерді (шайбалар, дайындамалар) қалыптау
- Салмағы 15 кг дейін дайындамалар мен бөлшектерді қолдан соғу
Стандартты емес жабдықтарды жөндеу және дайындау және металл құрылымдарын дайындау бөлімшесі
МЖЖЦ карьер техникасы – тиегіштердің, экскаваторлардың шөміштері (ЭКГ-5 қоса алғанда), ЭКГ-5 саптары сияқты аспалы жабдықты жөндеу бойынша үлкен тәжірибе жинаған.
ЦНС-180, ЦНС-300 сорғыларын қоса алғанда, сорғы жабдығын жөндеу; жеңдер мен құбырларды қосу үшін ілмекті механизмі бар ЖАҚ жылдам ажыратылатын қосылыстарын дайындау игерілді.
Бөлімшенің негізінде таспалы конвейерлерді, шөмішті конвейерлерді дайындау мүмкіндігі мен тәжірибесі бар.
ЦНС-180, ЦНС-300 сорғыларын қоса алғанда, сорғы жабдығын жөндеу; жеңдер мен құбырларды қосу үшін ілмекті механизмі бар ЖАҚ жылдам ажыратылатын қосылыстарын дайындау игерілді.
Бөлімшенің негізінде таспалы конвейерлерді, шөмішті конвейерлерді дайындау мүмкіндігі мен тәжірибесі бар.
МЖЖЦ құю бөлімшесі
МЖЖЦ құю бөлімшесінің құрамында:
- Болат құйма пеші ДСП-0,5
- Түсті құйма пеші ДМП-0,25 бар.
- Дайындамаларды құюға арналған орталықтан тепкіш машиналар
Бөлімше 25Л, 35Л,45Л, 50Л, 35 ГЛ, 45ГЛ, 70ГЛ, 40Х, 70Х сияқты болат, СЧ10, СЧ15, СЧ20, СЧ25 шойын маркаларының құймаларын, ыстыққа төзімді және беріктігі жоғары шойын, түрлі-түсті құйма (мыс, қола) шығаруды игерді.
Құймалардың максималды салмағы шойын үшін 1200 кг, болат үшін 1000 кг; түсті құйма үшін-мыс 400 кг, қола 300 кг. Құю тапсырыс берушінің модельдері бойынша да жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда ағаш немесе көбік полистирол модельдерін жасау мүмкіндігі де бар.
Құю бөлімшесінде экскаватор шөміштеріне тістер мен тәждер, мойынтірек корпустары, ұсақтау тақталары, диірмен сауыттары, ұсатқыштардың білікшелері, төлкелер және т.б. сияқты қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды құю жүргізіледі.
Шығарылатын өнімнің сапасын бақылау үшін МЖЖЦ-да сертификатталған дефектоскопия зертханасы бар, құйылатын бөлшектер мен металл илегінің химиялық құрамын зауыттың Орталық химиялық зертханасы бақылайды.
Кәсіпорында тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасы негізінде стандартты емес механикалық жабдыққа жұмыс (конструкторлық) құжаттамасын әзірлеу; КМ сызбалары негізінде егжей-тегжейлі сызбаларды (КМД) әзірлеу мүмкіндігі бар жобалау-конструкторлық бөлімі бар.
МЖЖЦ жабдықтарды жөндеу және дайындау бойынша барлық жұмыстарды химиялық, бұрғылау, геологиялық барлау, кен-шахталық, металлургиялық жабдықтарды, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ жұмыс қысымы 0,7 кг/см. кв жоғары және жылу тасығыштың температурасы 115 ˚С-тан жоғары қазандықтарды жобалауға, дайындауға, монтаждауға, жөндеуге; 0,7 кгс/см. кв жоғары қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен құбыржолдар; энергетикалық, жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықты дайындауға, монтаждауға, жөндеуге арналған №0003884 бас мемлекеттік лицензиясы негізінде жүргізеді.
Біз экскаватор шөмішінен қоқыс контейнеріне дейін, біліктен тісті доңғалаққа дейін - бәрін жасай аламыз!