Құрметті достар!
Сіздерді көргеніме қуаныштымын және біздің кәсіпорынға көңіл бөлгендеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.
«ТЭМК» АҚ құрамына мыңнан астам адам жұмыс істейтін химия, металлургия және тау-кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындары кіреді.
Кәсіпорын Қазақстан Республикасында да, ТМД елдерінің аумағында да кальций карбидінің жалғыз өндірушісі болып табылады.
Біздің комбинаттың тұрақты дамуына өндірісті жаңғырту, перспективалық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, жоғары әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік ықпал етеді.
Мейірімді және сауатты мамандар біздің клиенттеріміздің лайықты сеніміне ие бола отырып, белгіленген мерзімде сапалы өнімді жеткізуді ұйымдастыра алатын командаға біріктірілген.
Біздің интернет-сайттың мақсаты – тұтынушыға да, серіктестерге де біздің кәсіпорын қызметінің барлық әрекеттегі және перспективалық бағыттары туралы барынша толық ақпарат беру.
Сіздерді біздің ресми сайтымызда көргеніме шын жүректен қуаныштымын және «ТЭМК» АҚ командасымен бірге өзара ынтымақтастыққа ықпал ететін тиімді диалог орнатуға дайынбыз.
Басқарма төрағасы Жаныкулов Ж.Е.